Түркия. Зайнудиновтың командасы Аланьяспорға қарсы тең ойнады
Түркия чемпионатының 17-турындағы кездесу аяқталды.
Футбол
Александр Шарадкин
Sports.kz. Бактиер Зайнутдинов
Стамбұлдың “Бешикташы” 2024/25 жылғы Түркия Суперлигасының 17-турында өз алаңында “Аланьяспормен” тең тарқасты.
Алаң иелері кездесудің басында гол өткізіп алды. Алайда, “Аланьяспор” командасының қуанышы ұзаққа созылмады. Араға екі минут салып Рафаэл Силва есепті теңестірді. Ойын соңына дейін есеп өзгеріссіз қалды.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов “Бешикташ” сапында негізгі құрамда шықты. 70-минутта Бактиердің орнына Артюр Масуакуға ойынға қосылды.
Түркия Суперлигасы 2024/25, 17-тур
21 желтоқсан
Бешикташ (Стамбул) - Аланьяспор - 1:1 (1:1)
Голдар: Силва, 7 - Лима, 5.