Түркия құрамасының бұрынғы ойыншысы Зайнутдиновтен құтылуға «Бешикташқа» кеңес берді
Футбол
20 мам 2025
17:12

Тимур Салимов
Редактор

ФОТО: Getty Images
Түркия құрамасының экс-форварды Ильхан Мансыз «Бешикташтың» қазіргі құрамын бағалап, командада тек үш ойыншыны ғана қалдыру қажет екенін айтты – Рафа Силва, Мерт Гюнок және Неджип Уйсал.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновке келсек, ол жарақатына байланысты осы маусымның көп бөлігін өткізіп алды. Мансыз бұл туралы өзінің YouTube-арнасында былай деді: «Ол әлі де “Бешикташта” ойнап жүр ме? Жіберіңдер оны».
Мансыздың өзі бұған дейін «Бешикташ» сапында өнер көрсеткен. Ол бұл командада 85 матч өткізіп, 47 гол соққан. 2003 жылы клубпен бірге Түркия чемпионатын жеңіп алған.
Айта кетейік, «Бешикташтың» бас бапкері Зайнутдиновтің болашағына қатысты шешімін қабылдап қойған.
Танымал жаңалықтар


Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек