Трент Реал Мадридке қосылады - Романо
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty Images
Инсайдер Фабрицио Романо «Ливерпульдің» қорғаушысы Трент Александр-Арнольдтың «Реалға» ауысқанын растады.
Романоның айтуынша, ағылшындық мадридтік клубпен бес жылдық келісімшартқа отырмақ.
Англия құрамасының ойыншысының нарықтық құны 75 миллион еуроны құрайды, бірақ Трент Лос-Бланкосқа тегін трансфермен қосылатындықтан, Реал оны тегін алады.
Біраз уақыттан бері «Реал Мадрид» өз құрамын «Ливерпульдің» Трент Александр-Арнольдпен күшейтуді көздеп отыр.
Бұрын хабарланғандай, «Реал Мадрид» Трент Александр-Арнольдты маусым айында АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына дайындау үшін сатып алуды жоспарлап отыр.