Тұран Тараздық Тойбековті қатарға қосты
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Түркістандық "Тұран" 22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Тойбековпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады.
Жамбыл футболының түлегі кәсіби мансабын "Тараз" клубында бастаған. 2019-2020 жылдары жастар құрамасында ойнап, 2021 жылдан бастап негізгі команда сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда Тойбеков Қазақстанның Бірінші лигасында 24 матчқа қатысып, 6 голдың авторы атанды.
2024 жылғы маусымның қорытындысы бойынша "Тұран" Қазақстан Премьер-лигасында 12-орын иеленді.
Жаңа маусым 1 наурызда басталады, ал ҚПЛ-2025-тің бірінші турында "Тұран" "Оқжетпеспен" кездеседі.
Cондай-ақ оқыңыз: Тұран қазақстандық қорғаушы Маликайдармен күшейді