«Тұран» басымдылыққа қарамастан «Жетісудан» айласын асыра алмады
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: fc.turan инстаграм парақшасынан
3 мамырда Қазақстан Премьер-Лигасының 7-ші туры аясында «Тұран» мен «Жетісу» командалары арасындағы матч 0:0 есебімен тең аяқталды.
Ойын Түркістанда, «Туркістан Арена» стадионында өтті.
Алғашқы таймның соңында үй командасы алға шығуға мүмкіндік алды — Юденко допты қақпаға бағыттады, бірақ VAR тексерісінен кейін гол офсайд себебінен есепке алынбады.
Екінші таймда қонақтардан Диас Орынбасар тікелей қызыл қағаз алды, нәтижесінде «Жетісу» командасы кем ойыншы болып қалды. Алайда, «Туран» командасы есеп ашуға мүмкіндігі бола тұра, жеңісті жұлып ала алмады — 0:0 есебімен ойын аяқталды.
Осы матчтан кейін «Тұран» сегіз ұпаймен жетінші орында, «Жетісу» төрт ұпаймен 11-ші орында.
ҚПЛ. 7 тур
«Тұран» – «Жетісу» – 0:0
