Толығымен сәтсіздік. «Тоттенхэм» АПЛ маусымының антирекордын орнатты
«Шпорлар» маусымда екінші рет бір тайм бойы бірде-бір соққы жасамады
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Тоттенхэм» Солтүстік Лондон дербиінде «Арсеналға» қарсы толықтай сәтсіздікке ұшырады.
Бірінші таймда «шпорлар» екі жауапсыз гол жіберді, ал екінші бөлімнің басында тағы бір гол соғылды.
Одан да сорақысы, қонақтар бірінші таймда басты қарсыласының қақпасына бірде-бір соққы жасамады.
«Шпорлар» – бұл маусымда Премьер-лигада қарсылас қақпасына екі бөлек бірінші таймда да бірде-бір соққы жасамаған жалғыз команда (бұл бұрын «Борнмутқа» қарсы ойында да болған).
«Арсенал» – «Тоттенхэм» матчының тікелей трансляциясын осында көруге болады.