locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Толыққанды чемпиондық»: Уразбахтин «Қайраттың» Премьер-лигадағы жеңісін бағалады

Алтын медаль үшін барлығы аянбай тер төкті
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Толыққанды чемпиондық»: Уразбахтин «Қайраттың» Премьер-лигадағы жеңісін бағалады
ФОТО: ФК «Кайрат»

«Қайрат» Қазақстанда қатарынан екінші мәрте чемпиондықты рәсімдеді, ал алматылықтардың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин жеңіп алған трофейден алған әсерімен бөлісті.

«Қайраттың» бапкері мәлімдегендей, чемпиондық атақты қорғап қалу – ол үшін үлкен мәртебе.

«Өткен жылы бұл жетістік тек менің еңбегім емес деп сезіндім. Ол кезде Кирилл Кекер де, Александр Кержаков та жұмыс істеді – әрқайсысы ортақ жеңіске өз үлесін қосты. Биылғы жылы біздің штаб, яғни қазақстандықтар, академия түлектері – бізді «Қайрат» футбол клубының өнімі деуге болады. Бұл – өте қуанышты жайт. Біз чемпиондықты тағы бір мәрте дәлелдедік, бұл – біз үшін зор мақтаныш. Биыл толыққанды чемпиондық деп айтуға болады», – деді Уразбахтин, деп жазады sports.kz.

Бұған дейін «Қайраттың» бас бапкері команданың алдағы күнтізбесін бағалаған болатын, себебі оның шәкірттері үшін маусым әлі аяқталған жоқ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie