«Тобол» Виктор Брагасыз «Қайсарға» қарсы ойнайды - төртінші ескерту үшін бір матчтық дисквалификация
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: bragavictor инстаграм парақшасынан
Костанайлық «Тоболдың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Виктор Брага Премьер-лиганың 12-турында «Қайсарға» қарсы өтетін кездесуге қатыспайды, деп хабарлады KazFootball.kz.
Оған себеп - 24 жастағы футболшының алдыңғы турда «Атырауға» қарсы ойында алған сары қағазы. «Тобол» бұл матчта 5:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Алайда Брага үшін бұл ескерту маусымдағы төртіншісі болып тіркелді. Ереже бойынша, бұл бір ойынға автоматты түрде шеттетілуді білдіреді.
Биылғы маусымда Виктор Брага 9 матчқа қатысып, 1 гол соқты. Енді ол алдағы маңызды ойынды жіберуге мәжбүр.