Тобол клубының бұрынғы гендиректоры Андрей Канчельскис Ресей клубының бас бапкері атанды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қостанайлық "Тобол" клубының бас директоры болған Андрей Канчельскис, Брянскінің "Динамо" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
55 жастағы Канчельскис 2023 жылдың шілдесінен қарашасына дейін "Тобол" клубында қызмет атқарған. Бұған дейін ол "Уфа", Мәскеудің "Торпедо-ЗИЛ" және "Солярис" клубтарын, Латвияның "Юрмала", Өзбекстанның "Навбахор" және Қырғызстанның "Мурас Юнайтед" командаларын жаттықтырды.
"Динамо" клубы Ресейдің Екінші лигасында өнер көрсетеді және плей-офф ойындары нәтижесінде А Лигасының "Серебро" тобынан шықты.
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясы президенті лауазымына сайлауға қатысудан бас тартты