locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тобылдың қорғаушысы Иван Миладинович қазақ тілі жайлы: \"Кейбір сөздерді айту қиынға соғады\"

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Тобылдың қорғаушысы Иван Миладинович қазақ тілі жайлы: "Кейбір сөздерді айту қиынға соғады"
ФОТО: ТОБЫЛ ФК

“Тобыл” қорғаушысы Иван Миладинович қазақ тілін үйрену қиынға соғып жатқанын айтты, бірақ журналистермен ешқандай мәселесі болмағанын жеткізді.

Менде олармен ешқандай мәселе болған жоқ. Қазақстандық журналистермен дұрыстап сөйлескен де емеспін. Бірақ олар өте жақсы халық, жылы жүзді адамдар. Ал Черчесов жайлы оқиғаны білмедім де, естіген жоқпын.

Сонымен қатар, “Тобыл” қорғаушысы төрт тілді білетінін, бірақ қазақ тілін меңгеру қиын болып жатқанын айтты.

“Мен ана тілімнен бөлек төрт тілді білемін: орыс, испан, ағылшын, болгар тілдерінде өте жақсы сөйлеймін. Әрдайым ойнайтын елдің тілін үйренуге тырысамын, бірақ қазақ тілі маған ауырлау болып тұр. Байқап көрдім, бірақ бұл тіл маған қиын. Кейбір сөздерді айту қиынға соғады, дегенмен бірнешеуін меңгердім. Әзірге біреумен еркін сөйлесу қиын”, — деп келтіреді оның сөзін “РБ Спорт”.

Иван Миладинович 2024 жылдың 31 қаңтарынан бастап “Тобыл” сапында өнер көрсетеді . Ол “Сочи” клубынан еркін агент ретінде ауысты. Костанайлық команда сапында 28 матч өткізіп, бір гол соқты.

Парфенов Ақтөбеден кету себебі туралы: "Біз жанкүйерлердің амбициясы жоғары командада болдық"

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie