«Тобыл» сырт алаңда «Астананы» сенімді түрде жеңді — бір таймда үш гол соғып
Қазақстан Премьер-лигасының 8-турының орталық матчында чемпионат көшбасшыларының бірі «Астана» өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
«Астана Арена» стадионында өткен кездесуде қонақтар есеп ашты. Ахмед Эль-Мессауд 8-минутта гол соқты.
16-минутта Николай Синьевич сары-жасылдардың басымдығын еселеді – 0:2. 37-минутта Синьевич дубль жасап, есепті 0:3-ке жеткізді.
Екінші таймда алаң иелері матчтың бағытын өзгерте алмады. Тек 86-минутта Чинеду Джеффри бір голды кері қайтарды. Бірақ елордалық команданың енді қайтып оралуға күші де, уақыты да болмады. Нәтижесінде қостанайлықтар жеңіске жетті.
Сегіз турдан кейін (кейінге қалдырылған матчты ескере отырып, тоғыз матч ойналды) «Астана» 18 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінде екінші орында тұр. Бұл жеңістен кейін қостанайлықтар Астанадан айырманы бір ұпайға қысқартып, үшінші орында тұр. Төртінші орында келе жатқан «Ақтөбеде» 16 ұпай мен бір ойын бар.
Чемпионатта көш бастап тұрған алматылық «Қайрат» кеше Астанада өткен 8-тур матчында жергілікті «Жеңісті» жеңді. «Қайратта» тоғыз ойыннан кейін (кейінге қалдырылған матчты қосқанда) 23 ұпай бар.
Қазақстан Премьер-Лигасы. 8 тур. 10 мамыр
«Астана» - «Тобыл» - 1:3 (0:3)
Голдар: Чинеду, 86 — Эль-Мессауди, 8, Синьевич, 16, Синьевич, 37.