locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Тобыл» құрамын тәжірибелі бұрынғы Қазақстан құрамасының көшбасшысы күшейтеді

Қазақстан құрамасының экс-футболшысы мансабын қайда жалғастыратынын шешті
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
«Тобыл» құрамын тәжірибелі бұрынғы Қазақстан құрамасының көшбасшысы күшейтеді
ФОТО: Алексей Сисенбин / Казахстанская федерация футбола

Қазақстандық ең тәжірибелі орталық қорғаушылардың бірі Александр Марочкин жаңа маусымда Қостанайдың «Тобыл» командасында ойнайды, деп хабарлайды AmanVIBE.

Аталған дереккөздің мәліметінше, тараптар Марочкиннің трансфері бойынша келісімге келген.

Қазіргі уақытта келісімшарттың ресми түрде расталуын күту ғана қалды.

Өткен маусымда Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы елордалық «Астана» сапында өнер көрсетіп, Қазақстан Премьер-лигасында 14 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.

35 жастағы орталық қорғаушы 2021-2023 жылдар аралығында да «Тобыл» намысын қорғаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie