locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Тобыл» – «Ордабасы» ойыны Орталық стадионда өтеді

Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: ФК «Тобол»

Қостанайлық «Тобыл» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы 9-тур ойыны Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бастапқыда бұл матчты қостанайлық клубтың жабық манежі – «Тобыл-Аренада» өткізу жоспарланған болатын. Мұнда команда әдетте суық кезеңде ойындарын өткізеді. Алайда қолайлы ауа райы мен табиғи алаңның жағдайының жақсаруының арқасында «Ордабасы» тарапы кездесуді ашық алаңға көшіру туралы ұсыныс жасады. «Тобыл» басшылығы бұл бастаманы қолдап, матч қаланың басты стадионына ауыстырылды.

Қазір чемпионаттың сегіз турынан кейін «Ордабасы» турнир кестесінде 14 ұпаймен сегізінші орында тұр. Ал «Тобыл» үздік төрттікте – қостанайлықтар 17 ұпай жинаған. Қос ұжымның турнирлік жағдайын ескерсек, бұл матч турдың басты кездесуі болмақ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie