locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Тобыл» қола және Кубокпен: Алимжан Қалдияров маусым қорытындысын эмоциямен түйіндеді

Қостанайлық клубтың тең иесі медальдарға жетудегі қиын жол туралы айтып, жанкүйерлерге команданы қолдағаны үшін алғыс бі
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Тобыл» қола және Кубокпен: Алимжан Қалдияров маусым қорытындысын эмоциямен түйіндеді
ФОТО: alimzhan_kaldiyar инстаграм парақшасынан

Қостанайлық «Тобылдың» тең иесі Алимжан Қалдияров 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы маусымының қорытындысын шығарды.

Қостанайлық команда чемпионаттың қола жүлдегері атанып, Қазақстан Кубогын да жеңіп алды – маусымды екі бірдей трофеймен аяқтады.

Instagram парақшасында Қалдияров шынайы жазбасын бөлісіп, өткен маусым клуб үшін нағыз сынақ болғанын атап өтті:

«Бұл жыл оңай болған жоқ. Жарақаттар, ауыр шығындар, күрделі трансферлер... Бірақ ешкім берілмеді. Әр ойыншы алаңға шыққанда, артында тұтас Қостанай тұрғанын сезінді. Біз алтынды армандадық, оған жақын да болдық. Бірақ осындай бағамен келген қола – жай ғана медаль емес. Бұл – мінездің, рухтың және бірліктің символы. Ойыншыларға, жаттықтырушыларға, қызметкерлерге және, әрине, жанкүйерлерге алғыс айтамын. Сіздер – осы клубтың жүрегі».

КПЛ қорытынды кестесіне сәйкес, ел чемпионы қатарынан екінші жыл алматылық «Қайрат» атанды. «Астана» екінші орынды иеленсе, «Тобыл» үздік үштікті түйіндеді, ал төртінші орын «Елімайға» бұйырды.

Келесі маусым тарихи болмақ: алғаш рет чемпионатта 16 клуб бақ сынайды. Премьер-лига қатысушылары қатарына Бірінші лигадағы үш жаңа команда — «Каспий», «Ертіс» және «Алтай» қосылады. Бұл қазақстандық футболдың дамуына маңызды қадам болары сөзсіз.

Жұмасқалиев қорытынды жасап, дебютанттарды атап өтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie