Тимур Сисенов КПЛ-дан түсетін басты үміткерді атады
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы «Атырау» Премьер-лигада қалмайды деп есептейді
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: ФК «Атырау»
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Тимур Сисенов Sports.kz сайтына берген пікірінде Премьер-лига турнирлік кестесінің төменгі бөлігін бағалап, қай клуб бірінші лигаға түсіп қалуы мүмкін екенін болжады.
«Барлық күшейтулер мен бапкер ауыстыруына қарамастан, «Атырау» келесі маусымды Бірінші лигада өткізеді деп ойлаймын. Команда чемпионаттың бірінші айналымында өте сәтсіз ойнады. Қалған клубтар, сегізінші мен он үшінші орын арасындағы командалар, КПЛ-да қалу үшін күресетін болады. Турнир кестесінің төменгі бөлігінде командалар арасындағы ұпай айырмашылығы өте аз», — деді Сисенов.
VAR үш эпизодта шешімге әсер етті: ҚФФ Премьер-Лиганың 14-туры бойынша даулы сәттерді түсіндірді.