Тимур Кападзе Өзбекстан футбол құрамасынан кетті
44 жастағы маман ұлттық құрамамен БАӘ-дегі турнирге бармайды
Футбол
Алибек Дангарин
Сарапшы
Тимур Кападзе Өзбекстан футбол құрамасынан кетті
Тимур Кападзенің енді Өзбекстан футбол құрамасында жұмыс істемейтіні белгілі болды.
Championat.Asia басылымының хабарлауынша, 44 жастағы маман ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті.
Дереккөздің ақпаратына сәйкес, Өзбекстан футбол қауымдастығы (ӨФҚ) басшылығы Кападземен әріптестікті тоқтату туралы шешім қабылдады. Бас бапкер алдағы БАӘ-дегі турнирге командасымен бірге бармайды.