locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тер Штеген «Барселонадан» кету туралы қауесеттерге нүкте қойды: Келесі маусымды асыға күтемін

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Тер Штеген «Барселонадан» кету туралы қауесеттерге нүкте қойды: Келесі маусымды асыға күтемін
ФОТО: Getty Images

«Барселонаның» неміс қақпашысы Марк-Андре тер Штеген клубтан кетуі мүмкін деген қауесеттерге пікір білдірді.

«Бұл тақырыпта менімен ешкім сөйлескен жоқ. Келесі маусымда да «Барселонада» қалатыныма сенімдімін. Бұл - әлемдегі ең ұлы клубтардың бірі, ал мұндағы бәсеке - қалыпты жағдай. Мен үшін ештеңе өзгермейді. Болашаққа сеніммен қарап, жас әрі амбицияға толы командамен келесі маусымды асыға күтіп жүрмін», - деп келтіреді қақпашының сөзін журналист Керри Хау.

Тер Штеген каталониялық клубтың жейдесін 2014 жылдан бері киіп келеді. Осы уақыт аралығында ол алты рет Испания чемпионы атанып, дәл осынша мәрте Испания Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, төрт рет ел Суперкубогын иеленіп, бір рет Чемпиондар лигасында топ жарған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie