Өте дөрекі ойын көрсетілді. «Челси» алғашқы таймның соңында «Арсеналға» қарсы азшылықта қалды
Кайседо Мериниге қатты қарсы ойнап, алаңнан қуылды
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Челси» мен «Арсенал» арасындағы матчтың бірінші таймы «Стэмфорд Бриджде» аяқталды.
Үзіліске командалар 0:0 есебімен кетті, бірақ төрешіден бірнеше тәртіптік жаза алды.
Ең қатаң жаза 38-минутта Мойсес Кайседоға берілді. Эквадорлық жартылай қорғаушы Микель Меринидің аяғын сындырып жібере жаздап, тікелей қызыл қағаз алды.
Лондондық дербидің алғашқы ысқырығы Астана уақыты бойынша 21:30-да шалысты. Ойынның тікелей трансляциясын мына жерден тамашалай аласыз.