locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тарихи рекорд: «Интер» «Барселонамен» ойында билет сатудан 14,7 миллион еуро тапты

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Тарихи рекорд: «Интер» «Барселонамен» ойында билет сатудан 14,7 миллион еуро тапты
ФОТО: inter инстаграм парақшасынан

Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында өткен УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалының қарымта кездесуінде «Интер» қосымша уақытта «Барселонаны» 4:3 есебімен жеңіп шықты.

Бұл ойынды 75 504 жанкүйер тамашалады.

Corriere dello Sport басылымының мәліметінше, бұл матч Италия футболы тарихындағы ең табысты ойын болып тіркелді - «Интер» билет сатудан 14,7 миллион еуро табыс тапты. Бұған дейінгі рекорд 2023 жылы өткен Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Интер» мен «Милан» арасындағы ойында орнатылған болатын - ол кезде кіріс 12,5 миллион еуроны құраған.

Енді миландық ұжым Чемпиондар лигасының финалында Францияның алпауыты - «Пари Сен-Жерменге» қарсы ойнайды. Финал 1 маусым күні Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie