locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Танымал блогер Сатпаев үшін «Бернли» клубына жалға ауысу «Страсбургке» қарағанда неге тиімді екенін түсіндірді

Қазақстан құрамасының шабуылшысы алдағы маусымды «бордовыйлар» сапында өткізеді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: «Бернли»

Танымал Мяч Production YouTube арнасының авторы Александр Журавлев Қазақстан құрамасының талантты шабуылшысы Дастан Сатпаевтың Лондонның «Челси» клубынан «Бернлиге» жалға ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сарапшының айтуынша, ағылшын футболының стилі Дастанға француздық футболдан, яғни оны жалға шақырған «Страсбургке» қарағанда көбірек жарасады.

«“Бернлиге” жалға ауысу – өте жақсы шешім. Дастанның алғашқы матчынан-ақ оның әлеуеті жоғары екенін байқауға болады. Бірақ Ресей немесе Қазақстан чемпионатынан келетін кез келген ойыншы мүлде басқа жылдамдықтармен бетпе-бет келеді. Бұл бірінші кезекте доптың қозғалысы мен шешім қабылдау жылдамдығына қатысты. Англияда доп алғаннан кейін бір секунд та тыныштық бермейді.

Алғашқы матчта кей сәттерде Сатпаевты жауып тастап үлгеретіні байқалды. Ол үшін доппен ойлауды, тез шешім қабылдауды үйрену керек. Жас кезінде бұған тез бейімделуге болады, бірақ оған уақыт керек. Егер ол «Челсидің» негізгі құрамында қалса, тек жаттығумен шектелер еді, ал ондай жағдайда дамуға мүмкіндік аз.

Оның дәл «Бернлиге», «Страсбургке» емес, жалға берілгені өте дұрыс. Бұл да Англия, мұнда футбол стилі Францияға қарағанда жақынырақ. Сондай-ақ Бернлиде елге, климатқа және тілге бейімделу оңайырақ болады. «Челсиде» болашақ мансабы тұрғысынан бұл – өте дұрыс қадам. Оның әлеуеті жоғары, енді өзін қалай көрсететінін көрейік», – дейді сарапшыны ASnews.kz келтіреді.

Еске сала кетсек, Сатпаев «Бернлиге» маусым соңына дейін жалға ауысты. Бұған дейін Қазақстан құрамасының шабуылшысы ағылшын Чемпионшип клубына ауысқаннан кейін өз алғашқы сұхбатын берген болатын.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie