locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Талантты жартылай қорғаушы Әбинұр Нұрымбет ресми түрде «Ертіс» ойыншысы атанды

«Ертіс» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Әбинұр Нұрымбетпен қатарына қосты
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Талантты жартылай қорғаушы Әбинұр Нұрымбет ресми түрде «Ертіс» ойыншысы атанды
ФОТО: ertis_fk инстаграм парақшасынан

Әбинур кәсіби футболдағы алғашқы қадамдарын «Тараз» клубының жүйесінде жасап, сол жерде футбол мектебінен өтіп, жастар құрамасында дебют жасады.

Кейіннен ол Жезқазғанның «Ұлытау» клубында ойнады, ал 18 жасында Беларусь чемпионатына аттанып, «Энергетик-БГУ» және «Гомель» клубтарының намысын қорғады. Беларусь Жоғары лигасында Нұрымбет 23 матч өткізіп, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Өткен маусымда Әбинур Өзбекстанның «Андижан» клубында өнер көрсетіп, командамен бірге ел кубогын жеңіп алды. Ол осы жетістікке зор үлес қосты.

Биылғы маусымда Әбинур Қазақстан Премьер-лигасында тұңғыш рет өнер көрсетті. Ол «Тұран» командасында негізгі диспетчер рөліне бекіп, чемпионаттың алғашқы 13 турында да алаңға шықты. Бір ойында оған жасына қарамастан капитандық міндет те сеніп тапсырылды.

Әбинур Нұрымбет халықаралық аренадан да тыс қалған жоқ: ол бұған дейін Қазақстанның U-17 және U-19 жасөспірімдер құрамаларында ойнаған, қазіргі таңда елдің жастар құрамасы — U-21 сапында тұрақты түрде шақырту алып келеді. Андорраға қарсы өткен жеңісті ойында Әбинур 90 минут бойы алаңда болды.

«Ертіс» бұл трансфер арқылы орталық алаңды күшейтіп қана қоймай, жас болса да тәжірибе жинаған, амбициясы зор ойыншыға сенім артып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie