locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Су тасқынына байланысты кейінге шегерілген Валенсия мен Реал кездесуінің өтетін күні белгілі болды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Су тасқынына байланысты кейінге шегерілген Валенсия мен Реал кездесуінің өтетін күні белгілі болды
ФОТО: ФК Валенсия

Ла Лиганың 12-ші турының кездесуі 4-ші қарашада “Месталья” стадионында өтуі керек еді, бірақ Валенсиядағы су тасқынына байланысты кейінге шегерілді.

Испания корольдік футбол федерациясы комитетінің шешімімен ойын 2025 жылдың 4-ші қаңтарында Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00-де өтеді. Бастапқыда матч қаңтардың екінші күніне жоспарланған, бірақ бұл Испания футболшылары қауымдастығының келісіміне қайшы келді, оған сәйкес 23 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында футболшылар ресми матчтарға қатысудан босатылған, деп хабарлайды Marca.

Осы шешімге байланысты Испания кубогындағы “Депортива Минера” - “Реал Мадрид” және “Эльденсе” - “Валенсия" матчтары да сәйкесінше 6-шы және 7-ші қаңтарға ауыстырылады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie