Стоилов командасы Зайнутдиновтың «Бешікташын» Түркия Кубогының ширек финалынан ұшырып жіберді
3 сәуір күні Түркия кубогының ширек финалдық ойыны «Бешікташ» пен «Гезтепе» арасында өтті.
Ойын Стамбулдағы «Түпраш» стадионында өтті. Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов жамбас жарақатына байланысты матч тізіміне енбей қалды. «Бешікташ» ойыншысы алаңнан қуылғаннан кейін үш гол соққан «Гезтепе» сырт алаңда жеңіске жетті.
Алаң иелері 30-минутта есеп ашты. Бірақ олар өз басымдығын сақтай алмады – 36-минутта «қара бүркіттер» қорғаушысы Тайип Сануч алаңнан қуылып, небәрі екі минуттан соң қонақтар бразилиялық Ромулоның күш-жігерінің арқасында есепті теңестірді. Екінші таймда ойыншы үш минут ішінде екі гол соғып, хэт-трик жасады.
Осылайша, «Бешікташ» турнирден шығып қалды, ал Стоилов командасы «Трабзонспорға» қарсы ойнайтын жартылай финалға өтті.
Түркия кубогы. Ширек финал. 3 сәуір
«Бешікташ» - «Гезтепе» - 1:3
Голдар: Мучи, 30 - Ромуло, 38, 79 (пенальти), 81.
Қызыл қағаз: Сануч, 36 («Бешікташ»).
