locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Стивен Джеррард бұрынғы клубына оралуы мүмкін

Глазгода Стиви Джиді қайтадан көргісі келеді
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Стивен Джеррард бұрынғы клубына оралуы мүмкін
ФОТО: Getty Images

«Рейнджерс» командасының бұрынғы бас бапкері Стивен Джеррард шотландиялық клубты қайта басқаруы ықтимал.

Глазго клубының басшылығы ағылшын маманын бас жаттықтырушы қызметіне қайта шақыруға ашық екенін білдірді. Олар Стиви Джидің жауабын жақын арада күтуде.

45 жастағы маманның соңғы жұмыс орны Сауд Арабиясының «Аль-Иттифак» клубы болды, ол бұл команданы 2023 жылдың шілдесінен 2025 жылдың қаңтарына дейін басқарды.

Стиви Джи «Рейнджерсте» 2018-2021 жылдар аралығында қызмет атқарып, команданы Шотландия чемпионына айналдырған еді.

2021-22 маусымында аты аңызға айналған бұрынғы футболшы «Астон Вилла» командасын басқарғанымен, онда айтарлықтай жетістікке жете алмады.

Жақында «Рейнджерс» клубы қанағаттанарлықсыз нәтижелерге байланысты бас бапкер Рассел Мартинді қызметінен босатты.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кадрлық шығындары туралы әлем чемпионаты-2026 іріктеу матчтары алдында айтып өтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie