locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Станислав Черчесов Ресейге қарсы жолдастық ойын жайлы: \"Егер мұндай мүмкіндік болса, келісіңіздер, өткізейік дедім\"

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Станислав Черчесов Ресейге қарсы жолдастық ойын жайлы: "Егер мұндай мүмкіндік болса, келісіңіздер, өткізейік дедім"
ФОТО: sports

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізу мүмкіндігі жайлы пікір білдірді.

“Егер мұндай мүмкіндік болса, келісіңіздер, өткізейік дедім. Менің ресейлік болғанымнан немесе ойнағым келгендіктен емес. Біз өзімізді тексереміз, оларға да пайдасы тиеді. Ешкім ренжімес үшін екі жақта да ойнауға болады, бұл да мәселе емес”, — деді Черчесов YouTube-тегі “Спартак Шоу” арнасына берген сұқбатында.

Станислав Черчесов 2024 жылдың жазында Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда алты матч өткізді: Норвегиямен тең ойнады (0:0) және Словениядан (0:3 және 0:1), Аустриядан (0:4 және 0:2), сондай-ақ Норвегиядан (0:5) жеңіліс тапты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie