Станислав Черчесов: Беларусь пен Қазақстан матчында қазақтарға жанкүйер боламын
Ресейлік маман Станислав Черчесов Беларусь пен Қазақстан құрамалары арасындағы 5 маусымда өтетін жолдастық кездесуде кімді қолдайтынын айтты. Бұрын Қазақстан құрамасын жаттықтырған бапкер өзінің таңдауын Қазақстан құрамасына жасағанын жеткізді.
«Әр деңгейдегі құрамалар ойнағанда, бәрі көшбасшылардың қандай жағдайда келетіндігіне байланысты. Бұл клуб емес, мұнда ойыншыларға тұрақты әсер ете алмайсың. Бірде олар жақсы формада келеді, бірде онша емес. Сондықтан фаворитті анықтау қиын, қарсыластар теңдей. Беларуссиялықтар, кешіріңіздер, бірақ мен Қазақстанға жанкүйер боламын. Беларуссиялықтардан кімді ерекше атап өтер едім? Ешкімді бөлгім келмейді, өйткені бұл бапкерлерге қосымша қиындықтар туғызады. Біреуді мақтасаң, ойыншылар қалай қабылдайтынын білмейсің. Жай ғана жақсы ойын көрсетіліп, екі бапкер де көп ақпарат алғанын қалаймын. Іріктеу ойындарында да беларуссиялықтар да, қазақстандықтар да мықты командалар екенін көрсетті», — деп келтіреді Legalbet Черчесовтың сөзін.
Ойын 5 маусымда Борисовте өтеді.
Беларусь құрамасының бас бапкері Қазақстанмен ойын туралы: Нәтиже маңызды