locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Спортинг» - Португалия чемпионы! Соңғы турдағы жеңіс лиссабондықтарға титул сыйлады

Футбол 17 мам 2025 15:20
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

Лиссабондық «Спортинг» Португалия Примейра лигасының соңғы турында чемпиондық атақты жеңіп алды. Команда маусым бойы тұрақты өнер көрсетіп, шешуші сәтте басты қарсыласы «Бенфиканы» басып озды.

34-турда «Спортинг» өз алаңында «Гимарайншты» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші голды 55-минутта Гонсалвеш соқты, ал 82-минутта маусымның басты батыры Виктор Дьокереш есепті еселеп, командасына чемпиондықты сыйлады. Бұл - шабуылшының маусымдағы 51-голы.

Осы уақытта «Бенфика» «Брагамен» тең ойнап, 2 ұпай жоғалтты. Нәтижесінде «Спортинг» 82 ұпаймен бірінші орынға жайғасты, ал «Бенфика» 80 ұпаймен екінші орында қалды.

Примейра лига. 34-тур
«Спортинг» — «Гимарайнш» — 2:0
Голдар: П. Гонсалвеш, 55. Дьокереш, 82.

25 мамыр күні «Спортинг» пен «Бенфика» Кубок финалында қайта жолығады. Бұл матч Астана уақытымен 21:15-те басталады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie