Сон Хын Мин Оңтүстік Корея құрамасының тарихи рекордын жаңартты
Оңтүстік Корея құрамасы мен MLS-тің «Лос-Анджелес» клубының шабуылшысы Сон Хын Мин ұлттық команда тарихындағы ең тәжірибелі футболшы атанып, жаңа жетістікке қол жеткізді.
33 жастағы форвардтың мерейтойлы, 137-матчы Азия құрамасының Бразилияға қарсы жолдастық кездесуіне тұспа-тұс келді. Бұл матч оңтүстіккореялықтардың 0:5 есебімен ойсырай ұтылуымен аяқталды.
Оңтүстік Корея футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сон бұрынғы аңыз ойыншылар — Чха Бом Гын мен Хон Мен Боның рекордын жаңартты. Екеуі де ұлттық құрама сапында 136 ойын өткізген болатын.
2025 жылдың жазында Сон Хын Мин ағылшындық «Тоттенхэм» клубынан американдық «Лос-Анджелес» командасына ауысып, шамамен 26 миллион долларлық келісімшартқа қол қойды. Ол 2010 жылдан бері Оңтүстік Кореяның халықаралық аренасындағы тұрақты ойыншысы болып келеді, осы уақыт ішінде 53 гол мен 24 нәтижелі пас берген.
Сондай-ақ, Сон Хын Мин Лионель Мессиге тәнті екенін айтты.