Смақовтың ұлы Қазақстаннан кетіп ,азаматтығын ауыстырды ма?
"Серый CARDINAL🇰🇿" Telegram арнасы Самат Смақовтың ұлы Аламгирдің "Бешикташ" жастар командасына ауысуы туралы ақпаратпен бөлісті.
Аламгир Смақов Қазақстанның азаматы бола тұра, Түркияда тұруға рұқсаты бар. Осы құжат оған түрік клубымен келісімшарт жасауға мүмкіндік берген. Бірақ ол Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған және ондай ойы жоқ. Себебі Аламгир Қазақстанды өз Отаны деп біледі және еліміздің ұлттық құрамасында ойнауды жалғастыруды көздейді. - деп жазды.
Аламгирдің "Бешикташ" сапына қосылғаны жайлы хабар тарағаннан кейін, кәмелетке толмаған футболшының Түркияда ойнап, тұруына түрік азаматтығы қажет пе деген сұрақтар туындады. Осыған байланысты арна тілшілері Самат Смақовқа жүгініп, ол бұл жағдайға қатысты толық түсініктеме берді.
Сонымен қатар Тео Эрнандестің болашағы жайында оқи отырыңыз.