locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сырт алаңнан үш ұпай алып кету - бұл үлкен жетістік». Скворцов «Қайсарға» қарсы жеңіс жайлы

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Сырт алаңнан үш ұпай алып кету - бұл үлкен жетістік». Скворцов «Қайсарға» қарсы жеңіс жайлы
ФОТО: Ақтөбе ФК

«Ақтөбе» қорғаушысы Лев Скворцов ҚПЛ-дың 16-турынан кейінге шегерілген «Қайсармен» (2:1) өткен матчтағы маңызды жеңіс туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл ойын тек қарсыластың қарқыны емес, құрамдағы қысқа демалыс уақыты жағынан да оңайға соқпаған.

«Біз бұл ойынның оңай болмайтынын алдын ала білдік. «Қайсар» - өте батыл команда. Бұл алаңда бұған дейін «Қайрат» пен «Астана» да ұпай жоғалтқан. Бізде бар болғаны екі күн ғана демалуға мүмкіндік болды. Соған қарамастан, барлық жігіттер 100% күш салып ойнады. Команда барын салды, ақырында қалаған нәтижеге қол жеткіздік. Сырт алаңнан үш ұпай алып кету - бұл үлкен жетістік», - деді Скворцов.

Жеңісті голдың авторы командаға пайдасын тигізу оның басты мақсаты екенін де атап өтті:

«Әрине, гол соғып, жеңіс әкелу - кез келген ойыншы үшін үлкен қуаныш. Жанкүйерлерімізбен бірге өз стадионымызда гол тойлау арманым. Біздің алаңда әр ойында аншлаг болады. Бірақ ең маңыздысы - команданың жеңісі. Біз алдымызға мақсат қойдық, енді ойыннан ойынға қарай сол мақсатқа ұмтыламыз», - деді ол.

Қазіргі таңда «Ақтөбе» 9 матчтан кейін 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде 2-орында тұр. Ал «Қайсар» 4 ұпаймен 12-орынға жайғасқан.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie