Шушеначев – «Ақтөбеде»: жаңа сынақтар мен алғашқы әсер


Шабуылшы Артур Шушеначев «Ақтөбе» сапына ауысқаннан кейінгі алғашқы әсерімен бөлісті.
27 жастағы футболшының айтуынша, клубқа келу шешіміне Рамазан Оразовпен болған әңгіме үлкен ықпал еткен.
«Көңіл‑күй өте жақсы. Келмес бұрын Рамазанмен көп сөйлестім - ол маған Ақтөбе қаласы, стадионы, адал жанкүйерлері туралы толық айтып берді. Осы себепті шешім қабылдадым. Алғашқы жаттығу өте жақсы өтті, жігіттер жылы қабылдады, командада тамаша атмосфера қалыптасқан. Қазір құрамда Данияр Усенов, Айбар Абдулла, Әлибек Қасым, Оралхан Өміртаев сияқты ойыншыларды танимын, сондай‑ақ Бағдат Қайровпен ұлттық құрамда бірге ойнағанбыз», - деп атап өтті шабуылшы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
«Ақтөбе» Артур Шушеначевтің командаға қосылғанын 24 маусымда ресми түрде жариялаған еді. Ол бұған дейін «Тараз» және «Қайрат» клубтарының, сондай‑ақ Израильдің «Хапоэль» (Беэр‑Шева) және Ресейдің «Сочи» клубтарының намысын қорғаған.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11