locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шетелдік клуб Тобылға Чесноковты сатып алу туралы ұсыныс жасады. Ойыншы келіседі ме?

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Шетелдік клуб Тобылға Чесноковты сатып алу туралы ұсыныс жасады. Ойыншы келіседі ме?
ФОТО: ҚФФ

Ислам Чесноковты сатып алуға Әзірбайжанның ең титулы көп клубтарының бірі бакулық “Нефтчи” қызығушылық танытып отыр.

Meta-ratings.kz хабарлағандай, “Нефтчи” қостанайлық клубпен байланысып, Чесноковты сатып алу туралы ұсыныс жасаған. Ұсыныстың егжей-тегжейлері клубқа ұнағанымен, бірақ ойыншының өзі батыс чемпионаттарының біріне ауысқысы келеді.

25 жастағы ойыншы қостанайлықтар сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда Қазақстан Премьер лишасында ол 21 ойында 10 гол соғып, 3 нәтижелі паспен лиганың үздік ойыншысы атанды.

Еске салайық, бұған дейін Чесноковтың шотландиялық “Хартсқа” 600 мың еуроға ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie