Шамадандар мен жанжал: «Жальгирис» директоры Чебуринге қарсы акциядан кейін қызметінен кетті
Литваның «Жальгирис» клубының директоры Вилма Венсловайтиене жанкүйерлердің қазақстандық маман Владимир Чебуринге қарсы өткізген акциясынан кейін қызметінен кетуге шешім қабылдады.
Еске сала кетсек, жанкүйерлер Литва чемпионатының көшбасшысы «Кауноға» қарсы өткен матч барысында алаңға ескі чемодандар лақтырып, «Чебурин, кет!» деп айқайлаған. Бұл команданың әлсіз нәтижелеріне наразылықтың бір түрі болды.
Бірнеше күннен кейін Венсловайтиене «жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеу үшін» отставкаға кететінін жариялады.
«Командаға айтарым — мен сіздерге және бапкерге сенемін, мықты болыңыздар, осы жағдайдан сабақ алыңыздар. Көпшілігіңіз — болашақ бапкерлерсіздер, бүгін сіздерге мықты, амбициясы зор, шындық үшін күресетін азамат болып қалуды тілеймін — сіздер әрдайым мен үшін ең үздік болдыңыздар», — деп жазды ол қоштасу мәлімдемесінде.
Владимир Чебурин 2016 жылға дейін Қарағандының «Шахтерін» жаттықтырған. Кейін Литваға көшіп, «Судувамен» үш мәрте, ал «Жальгириспен» тағы үш мәрте ел чемпионы атанды. Алайда биыл команда жетінші орында тұр, еурокубоктар мен ел кубогынан шығып қалды.