Шабуылшы қаңтарда «Атлетико» клубынан кетуді жоспарлап отыр. Не болды?
«Атлетико» шабуылшысы Александр Серлот қаңтарда Мадридтен кетуді көздеп отыр.
Испаниялық журналист Виктор Льебария Эскутияның мәліметінше, Серлот барлық 90 минутты тұрақты ойнай алатын жаңа клуб іздеп жүр. Бұл оның 2026 жылғы әлем чемпионаты алдындағы бабын жоғалтпауға деген ұмтылысымен байланысты.
Футболшының бұл шешімі — әлем чемпионатына толыққанды дайындалып, құнды ойын тәжірибесін жинау ниетінен туған.
Дегенмен, егер трансфер осы қыста іске аспаса, Серлот бәрібір «Атлетикодан» кетуді жоспарлап отыр және бұл шешімді келесі жазда жүзеге асырады.
Биылғы маусымда норвегиялық футболшы алаңға сирек шығып, көбіне ойынға қосалқы құрамнан араласты. Ол «матрасниктердің» сапында барлық турнирде он төрт матчқа қатысып, екі голдың авторы атанды.
Бұған дейін Симеоне «Атлетико» клубымен келісімшартты ұзартуға жақын екені хабарланған болатын.