locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Үш көшбасшы – бір марапат: ҚПЛ-де 16 турдан кейін сұрмергендер жарысы ушыға түсті

2025 жылғы ҚПЛ-ның үздік сұрмергендері
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Үш көшбасшы – бір марапат: ҚПЛ-де 16 турдан кейін сұрмергендер жарысы ушыға түсті
ФОТО: Оқжетпес ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аяқталған соң ең үздік сұрмергендер бәсекесі одан әрі шиеленісе түсті. Қазіргі таңда үш бірдей футболшы 8 голмен көшбасшылықты бөлісіп тұр.

Тізімнің басында -«Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев. Оның нәтижесіне тең келе жатқан екі ойыншы бар: «Оқжетпестің» шабуылшысы Дәурен Жұмат пен «Астана» ойыншысы Назми Грипши.

Бір гол кем соққан екі футболшы қазір көшбасшылардың өкшесін басып келеді – Ислам Чесноков («Тобыл») пен Марин Томасов («Астана») өз есептеріне 7 голдан жазып үлгерді.

16 турдан кейінгі ҚПЛ-2025 маусымының үздік сұрмергендері:

1. Дастан Сәтпаев («Қайрат») – 8 гол
2. Дәурен Жұмат («Оқжетпес») – 8 гол
3. Назми Грипши («Астана») – 8 гол
4. Ислам Чесноков («Тобыл») – 7 гол
5. Марин Томасов («Астана») – 7 гол

Айта кетейік, 16 тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде «Астана» көш бастап тұр(17 матчтан кейін 37 ұпай жинаған). Бір ойыны кем «Қайрат» 36 ұпаймен екінші орында. Үздік үштікті «Тобыл» түйіндеп тұр (34 ұпай және 16 кездесу).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie