locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Серхио Рамостың голы «Монтеррейге» КӘЧ-те ұпай сыйлады

Тәжірибелі қорғаушы финалист клубқа қарсы маңызды ұпай әперді
Футбол 17 мау 2025 23:30
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Серхио Рамостың голы «Монтеррейге» КӘЧ-те ұпай сыйлады
ФОТО: Getty Images

17 мен 18 маусымға қараған түні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Пасадена қаласында орналасқан «Роуз Боул» стадионында клубтар арасындағы әлем чемпионатының E тобының 1-тур ойыны өтті. Мексикалық «Монтеррей» мен Италияның «Интер» командасы 1:1 есебімен тең түсті.

Матчтағы есепті «Интердің» шабуылшысы Лаутаро Мартинес ашты. Алайда 39 жастағы Серхио Рамос екінші таймда гол соғып, «Монтеррейге» бір ұпай сыйлады. Бұл оның клубтық әлем чемпионатындағы алғашқы голы болды.

Бірінші турдан кейін E тобында көш басында – 3 ұпаймен аргентиналық «Ривер Плейт». «Интер» мен «Монтеррей» бір ұпайдан еншілеп, екінші және үшінші орындарды бөлісіп тұр. Жапониялық «Урава Ред Даймондс» әзірге соңғы орында (0 ұпай).

2025 жылғы клубтық әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтуде. Жарысқа 32 команда қатысуда, әрқайсысы 4 командадан тұратын 8 топқа бөлінген. Әр топтан үздік екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. E тобы. 1-тур. 18 маусым

«Монтеррей» (Мексика) – «Интер» (Италия) – 1:1

Голдар: Рамос 25 – Мартинес 42.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie