Сергей Малый Қазақстан құрамасының рекордшылар үштігіне кірді
Шымкенттің «Ордабасы» командасының 35 жастағы қорғаушысы Сергей Малый Қазақстан ұлттық құрамасындағы 70-ші кездесуін өткізді, деп хабарлады KazFootball.kz.
Оның мерейтойлық кездесуі Беларуське қарсы жолдастық матчта өтті. Өкінішке қарай, бұл ойын қазақстандықтар үшін сәтсіз аяқталып, 1:4 есебімен жеңіліспен аяқталды.
Луганск футболының түлегі Сергей Малый Қазақстан құрамасында алғашқы ойынын 2014 жылдың 5 наурызында Түркияның Кунду қаласында Литваға қарсы жолдастық кездесуде өткізген болатын. Ол матч 1:1 есебімен тең аяқталған.
Осы 11 жыл ішінде Малый ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының біріне айналып, 70 матч шебінен асқан Қазақстан құрамасының үшінші футболшысы атанды.
Қазіргі таңда ол бұл көрсеткіш бойынша тек Самат Смақов (76 ойын) пен Руслан Балтиевке (73 ойын) ғана жол береді.
Қазақстан ұлттық құрамасында ең көп ойын өткізген 5 ойыншы (1992–2025): Самат Смақов – 76 матч, Руслан Балтиев – 73 матч, Сергей Малый – 70 матч, Исламбек Қуат – 66 матч, Асхат Тағыберген – 64 матч.