locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сенсацияға толы тур: «Қайрат» екінші мәрте жеңілді, «Жетісу» мен «Ұлытау» алғашқы жеңістеріне жетті. 10-турдан кейінгі КПЛ турнир кестесі қалай өзгерді?

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Сенсацияға толы тур: «Қайрат» алғаш рет жеңілді, «Жетісу» мен «Ұлытау» алғашқы жеңістеріне жетті. 10-турдан кейінгі КПЛ турнир кестесі қалай өзгерді?
ФОТО: Оқжетпес ФК

25 мамыр күні Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры аяқталды. Бұл тур маусымдағы ең тартысты және күтпеген нәтижелерге толы турлардың бірі болды. Бірнеше команда жанкүйерлерге сенсациялық нәтижелер ұсынып, турнирлік кестедегі жағдайды айтарлықтай өзгертті.

Турдың басты жаңалығы - «Қайраттың» ҚПЛ маусымындағы екінші жеңілісі. Алматылық өз алаңында «Оқжетпеске» 1:2 есебімен есе жіберді. Бұл жеңіс Көкшетау ұжымына турнирлік кестеде орнығуға мүмкіндік беріп, тіпті көшбасшыларды да тосыннан жеңуге болатынын көрсетті.

«Ақтөбе» үшін де бұл тур сәтсіз өтті - турнир көшбасшысы Талдықорғанда «Жетісудан» 1:2 есебімен жеңілді. Бұл - талдықорғандықтардың биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі болды.

Астанада «Астана» мен «Жеңіс» арасында өткен елордалық дерби көрермендерге нағыз шоу сыйлады. Бабаян командасы матч барысында жеңіліп жатса да, қайта күш жинап, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Күтпеген нәтиже Шымкентте де тіркелді: «Ордабасы» өз алаңында турнирдің аутсайдері «Ұлытауға» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл жезқазғандықтардың маусымдағы алғашқы үш ұпайы болды.

Тағы екі ойын да тартысты өтті: «Қайсар» Атырауда соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды (2:1), ал «Тобыл» Түркістанда «Тұраннан» 2:1 есебімен басым түсті. Петропавлда «Қызылжар» мен «Елімай» тең тарқасты -1:1.

10-турдан кейін «Ақтөбе» 25 ұпаймен көш бастап тұр. Олардан бір ұпайға ғана қалып келе жатқан «Астана» екінші орында, ал «Қайрат» алғаш рет ұтылып, 23 ұпаймен үшінші сатыға сырғыды.

Турнирлік кестенің төменгі бөлігінде: «Атырау» - 4 ұпай, ал «Жеңіс» пен «Ұлытау» - 5 ұпайдан жинап, сәл жоғары орындарды бөлісіп тұр.

ФОТО: KFF LEAGUE
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie