Сенсацияға сәл қалды! «Барселона» «Вальядолидты» жігерлі түрде жеңіп шықты
3-4 мамырға қараған түні «Вальядолид» пен «Барселона» арасында Испания Примерасының 34-турының ойыны өтті.
«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик ойынға өзінің екінші құрамасын шығарды. Ротация сәтсіз аяқталды – каталондықтар алтыншы минутта гол жіберіп алды. Алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Иван Санчес қақпаға өткір бұрыштан соққы жасады, ал доп керемет доға бойымен Тер Штегеннің қақпасына кіріп кетті. Ысқырықтың алдында есепті теңестіргісі келген каталондықтар бірінші таймды 82% допқа иелік етіп аяқтады, бірақ гол соға алмады. Екінші таймның басында Рафинья алаңға шығып, бірден есепті теңестірді, араға алты минут салып Фермин Лопес қонақтарға жеңіс голын соқты.
Осылайша, «Барселона» «Реал» Мадридтен төрт ұпай басымдығын сақтап қалды. Примераның келесі турында командалар бетпе-бет кездеседі - Класико 11 мамырда өтеді.
Ла Лига. 34-тур. 4 мамыр
«Вальядолид» - «Барселона» - 1:2
Голдар: Санчес, 6 - Рафинья, 54, Лопес, 60.
