«Сенде мүмкіндік болмағаны ауыр». Кукурелья «Барселонадан» кетуі туралы айтты
Испаниялық футболшы туған клубында жолы болмағаны жайлы ашық әңгімеледі
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Челси» «Барселонаны» Чемпиондар лигасының бесінші турында 3:0 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін каталондық клубтың түлегі Марк Кукурелья туған командасынан кетуі жайлы ашық айтты.
«Челси» клубының арнасына берген сұхбатында қорғаушы туған клубында өз мүмкіндігін ала алмағанына жүрегі ауырғанын жасырмады.
«Барсадан кетуім бе? Бұл сәл ауыр, туған клубыңда саған мүмкіндік бермесе», – деді Кукурелья матчтан кейін.
Испаниялық футболшы 2016 жылдан 2020 жылға дейін «Барселона» сапында болды, бірақ сол аралықта негізгі командада тек бір ғана ойынға – Испания Кубогында шықты.
Ағылшын Премьер-лигасының 13-турында «көктер» Лондон дербиінде «Арсеналды» қабылдайды.