locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Саят Жұмағали «Ақтөбеден» кетті: клуб пен қорғаушы келісіммен қоштасты

Актөбелік футбол мектебінің түлегі биылғы маусымда бес ойын өткізіп, туған клубындағы кезеңін аяқтады
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Саят Жұмағали «Ақтөбеден» кетті: клуб пен қорғаушы келісіммен қоштасты
ФОТО: fcaktobe_official инстаграм парақшасынан

Футболдан «Ақтөбе» клубы қорғаушы Саят Жұмағалимен келісімшарттың бұзылғанын ресми түрде мәлімдеді.

Клуб пен ойыншы ортақ келісімге келіп, ынтымақтастықты тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

26 жастағы футболшы 2024 жылғы маусымда «Ақтөбе» сапында бес матчқа қатысып, статистика жағынан көзге түсе алмады. Саят - ақтөбелік футбол мектебінің түлегі. Бұған дейін ол «Екібастұз», «Қыран», «Жеңіс» және «Ұлытау» клубтарында өнер көрсеткен.

Клуб басшылығы футболшыға атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы спорттық жолында сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Айбар Абдулла «Ақтөбе» сапынан кетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie