Сауд Про Лигасы. Әл-Хиляль лига аутсайдерін 9:0 есебімен ойсырата жеңді
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
16 қаңтарда Сауд Про-лигасының 15-ші турының ойыны өтті, онда чемпионат көшбасшысы “Әл-Хиляль” соңғы орындағы Әл-Фатехты” қабылдады.
Матч 9 доптық ойсыра жеңіспен аяқталды - 65-минутта Әл-Хиляль жауапсыз 6 гол соғып үлгерді, ал 89-шы минуттан кейін Эр-Рияд командасы тағы 3 гол соқты. Осы маусымның басында “Бенфикадан” қосылған Маркос Леонардо хет-трик жасады, басқа ойыншылар бір голға ие болды, ал соңғы голды “Әл-Фатех” ойыншысы өз қақпасына салып жіберді
Сауд Про-лигасы. 15-ші тур. 16 қаңтар.
Әл-Хиляль - Әл-Фатех - 9:0
Голдар: Кулибали, 20, Лоди, 39, Леонардо, 45+6, 54, 65, Милинкович-Савич, 54, Аль-Хамдан, 89, Малком, 90+5, әл Абдулвахид, 90+8 (автогол).