Сауд Арабиясында алкогольге қатысты талаптар жеңілдеуі мүмкін: 2034 жылғы ӘЧ кезінде туристерге рұқсат берілуі ықтимал
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
2034 жылы футболдан әлем чемпионаты өтетін Сауд Арабиясында алкоголь өнімдерін тұтынуға қатысты кейбір шектеулер жеңілдетілуі мүмкін, деп хабарлады The Sun басылымы.
Ақпарат көзінің мәліметінше, спирттік ішімдіктерді ішу тек шетелдік жанкүйерлерге арналған арнайы аймақтарда рұқсат етіледі. Мұндай арнайы 600-ге жуық аймақ ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда, жеке үйлерде алкоголь тұтынуға және дүкендерде сатуға қатысты жалпыұлттық тыйым өз күшінде қала береді.
Бұған дейін Сауд Арабиясының Ұлыбританиядағы елшісі Халид ибн Бандар Әл Сауд корольдіктің өз мәдени және діни дәстүрлерінен туристер үшін бас тартпайтынын мәлімдеген болатын. Айта кетейік, бұл елде алкогольге ресми түрде 1952 жылдан бері тыйым салынған.