locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сантьяго Солари «Реалдың» бас бапкері атануы мүмкін

Мадридтік клуб бас бапкер лауазымына ішкі кандидатураны қарастыруда
Сантьяго Солари «Реалдың» бас бапкері атануы мүмкін
ФОТО: gettyimages

Мадридтік «Реалдың» спорт директоры Сантьяго Солари қазіргі бас бапкер Хаби Алонсо қызметінен босатылған жағдайда команданы басқара алады. Бұл туралы AS басылымы хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, соңғы күндері бірнеше агент клуб басшылығына хабарласып, бас бапкер лауазымына өз кандидаттарын ұсынған. Алайда олардың ешқайсысы клубтың құрылымынан тыс маман іздеп жатқанын аңғармаған. Керісінше, басшылық қажет болған жағдайда шешімді клубтың ішінен табуға болатынын аңғартқан, ал басты үміткерлердің бірі – Сантьяго Солари.

Аргентиналық маман бұған дейін де, 2018/2019 маусымында, Хулен Лопетеги қызметінен кеткен соң, уақытша түрде «Реалды» басқарған болатын.

Қазіргі таңда «Реал» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 39 ұпай жинап, екінші орында келеді. Мадридтік клуб көш бастап тұрған «Барселонадан» төрт ұпайға қалып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie