locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Сантос - Брагантино - 2:0. Неймардың ғажайып голы және полуфиналға жолдама. Голдар және матчқа бейнешолу

Футбол 02 нау 2025 23:38
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
ФОТО: gettyimages.com

"Сантос" "Ред Булл Брагантиноны" 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Кездесудің алғашқы голы 8-минутта соғылды. Неймар сол қапталдан айып добын орындап, соққысы қарсылас қорғаушыға тиіп, траекториясын өзгертті. Бұл қақпашы Клейтон үшін тосын жағдай болды.

Екінші таймда қонақтар есепті теңестіруге жақын еді – бұрыштамадан кейін қорғаушы Педро Энрике допты бағанаға бағыттады. Бірақ көп ұзамай Неймар бұрыштама добын орындап, Клейтон допты сәтсіз қайтарды. Оны Гильерме қабылдап, Жоау Шмидтке пас берді, ал ол 56-минутта есепті 2:0-ге жеткізді.

75-минутта Неймар сан бұлшықетін ұстап, орнын Габриэл Веронға босатты. Бұл жанкүйерлерді алаңдатты және әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Бұл жеңіс "Сантосқа" жартылай финалға жол ашты. Енді "Сан-Паулу" – "Новоризонтино" матчынан кейінгі нәтижеге қарай, команда "Коринтианс" немесе "Палмейрасқа" қарсы ойнайды.

Матчқа бейнешолу:

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie