Самородовтың голы қараша мен желтоқсан айларындағы РПЛ-дің ең үздік голы атағына үміткер
24 қарашада Ресей Премьер-Лигасының 16-турында Максим Самородов "Крылья Советов" командасына қарсы гол соғып, матч 2:1 есебімен самарлықтардың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық шабуылшы Лионель Мессидің дриблингін еске түсіретін әсерлі тәсілмен қарсылас қақпасына доп жіберді.
Бұл гол енді қараша мен желтоқсан айларындағы ең үздік гол атағына үміткер болып отыр. Ресей Премьер-Лигасының ресми сайтында осы жүлдеге үміткер ойыншылардың тізімі жарияланды. Номинацияда мыналар бар:
- Игорь Лещук ("Динамо" Москва) — "Ахматқа" қарсы гол;
- Эсекьель Барко ("Спартак") — "Краснодарға" қарсы гол;
- Тео Бонгонда ("Спартак") — ЦСКА-ға қарсы гол;
- Хуан Босельи ("Пари НН") — "Динамо" Москваға қарсы гол;
- Луис Чавес ("Динамо") — "Пари НН"-ге қарсы гол;
- Максим Самородов ("Ахмат") — "Крылья Советовқа" қарсы гол;
- Доминик Ороз ("Крылья Советов") — "Ахматқа" қарсы гол;
- Родриго Саравия ("Ростов") — "Пари НН"-ге қарсы гол.
Ресей Премьер-Лигасының ағымдағы маусымында 18 турдан кейін "Краснодар" пен "Зенит" 39 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал 37 ұпаймен "Спартак" үшінші орында орналасқан.
"Ахмат" 18 турдан кейін 13 ұпаймен турнирлік кестеде 15-орында жайғасқан.
Футбол
Бүгін 05:53
Футбол
Бүгін 05:15