locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Самородов пенальти соқпады, «Ахмат» жеңіліс тапты

Самородов пенальти соқпады,  «Ахмат» жеңіліс тапты
ФОТО: ФК "Ахмат" Грозный VK парақшасы

РПЛ-дың 26-турында «Пари Нижний Новгород» қазақстандық шабуылшы Максим Самородов ойнайтын грознендік «Ахматты» 1:0 есебімен жеңді.

Ойын «Нижний Новгород» стадионында өтті. Кездесуді бас төреші Павел Шадыханов басқарды.

Жалғыз голды 45+7-минутта Хуан Босельи пенальтиден соқты. Қосымша уақытта қақпашы Никита Медведев екі мәрте қайталап орындалған пенальтиді қайтарып, командасына жеңісті сақтап қалды.

«Ахматтың» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов екінші таймда алаңға шығып, гол соққанымен, VAR арқылы голы есепке алынбады. Сондай-ақ матчтың соңғы минуттарында пенальтиден мүлт кетті.

26 турдан кейін «Пари НН» 23 ұпаймен 12-орында тұр, ал «Ахмат» да сонша ұпай жинап, 14-сатыда орналасқан.

РПЛ. 26 сәуір

«Пари Нижний Новгород» – «Ахмат» – 1:0

Гол: Босельи, 47, пен.

ФОТО: ФК "Ахмат" Грозный VK парақшасы
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie