locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Самат Смаков ресми түрде «Жетісу» клубынан кетті. Коуч отставка туралы не айтты?

Танымал бапкер мансабын басқа клубта жалғастырады
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Самат Смаков ресми түрде «Жетісу» клубынан кетті. Коуч отставка туралы не айтты?
ФОТО: «Жетысу»

Қазақстандық танымал бапкер Самат Смаков «Жетісу» командасының бас жаттықтырушысы қызметінен кеткенін мәлімдеді.

«Құрметті «Жетісу» облысының тұрғындары, жанкүйерлер мен футбол сүйер қауым!

Бас бапкер ретіндегі жұмысымды аяқтай отырып, осы уақыт аралығында мені және команданы қолдаған баршаңызға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

Ең алдымен, облыс әкіміне, әкім орынбасарларына және «Жетісу» облыстық спорт басқармасына білдірген сенімдеріңіз, команданың дамуына көрсеткен қамқорлық пен тұрақты қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда өңірдегі футбол дамып, сенімді түрде алға жылжуда.

Клуб басшылығына және әкімшілік қызметкерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, еңбекке деген адалдықтарыңыз және күнделікті көмектеріңіз командаға тұрақты жұмыс істеуге және нәтижеге жетуге мүмкіндік берді.

Барша жанкүйерлерге және Талдықорған қаласына шын жүректен ризашылығымды айтамын. Сіздердің жылы лебіздеріңіз, энергияларыңыз бен сенімдеріңіз әрбір матчта демеу болды. Сіздер – біздің күшіміз, өз алаңымызда да, сырт алаңда да.

Бұл жерде еңбек ету мен үшін абырой болды. Бұл жол маған құнды тәжірибе, жарқын сәттер және мақтан тұтарлық көптеген адамдарды сыйлады. Осы жолдың бір бөлігі болған әр адамға алғысым шексіз.

«Қош бол» демеймін – футбол алаңдарында қайта кездесейік!

Құрметпен,

Смаков Самат Қабирович», - делінген маманның сөзін ҚПЛ клубының баспасөз қызметі келтіреді.

Бұған дейін Смаковтың «Оқжетпес» командасын тізгіндеуі мүмкін екені жөнінде ақпарат тараған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie