Салах Ливерпуль сапындағы 100-ші ассистын жасады
Футбол
Бүгін 13:30
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: ФК Ливерпуль
Бүгін, 14-ші желтоқсанда Ағылшын Премьер-лигасының 16-шы туры аясында “Ливерпуль” мен “Фулхэм" кездесті. Матч 2:2 есебімен аяқталды.
Алаң иелері алғашқы голын екінші таймның басында соқты - Мұхаммед Салахтың тамаша пасын Коди Гакпо аяқтады. Бұл нәтижелі пас мысырлық үшін “Ливерпуль” сапындағы 100-ші болды.
Мұхаммедтің еншісінде қазір 15 матчта 13 гол және 9 нәтижелі пас бар. Сондай-ақ ол гол+пас көрсеткіші бойынша еуропалық топ-5 лиганың үздік ойыншысы және қараша айында Премьер-лиганың үздік ойыншысы атанды.
Танымал жаңалықтар