locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мұхаммед Салах - қараша айында АПЛ-дың үздік ойыншысы болып танылды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Мұхамед Салах - қараша айында АПЛ-дың үздік ойыншысы болып танылды
ФОТО: ФК Ливерпуль

“Ливерпульдің” вингері Мұхаммед Салах қараша айында Ағылшын Премьер-лигасының үздік ойыншысы болып танылды.

Өткен айда мысырлық 3 матчта 4 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Осы кездесулердің барлығында “мерсисайдтықтар” жеңіске жетті. Қазіргі уақытта “Ливерпуль” АПЛ-да кестеде топ жарып, бірінші орында тұр. Екінші орыннан 4 ұпай айырмашылығы және 1 артық ойыны бар.

Салах Стивен Джеррард пен Криштиану Роналдумен теңесіп, алтыншы рет Ағылшын Премьер-лигасының үздік ойыншысы атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie